«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3392, 2014 жылғы 22 шілдедегі № 83 (17020) «Дидар», 2014 жылғы 21шілдедегі № 82 (19529) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

    аталған қаулыға 1-қосымшада:

    мынадай мазмұндағы реттік саны 40-2 жолмен толықтырылсын:

    «

    40-2
    «Ануара» сауда үйі (Жеке кәсіпкер «Мухамадиева Гульмира Жолдыбаевна»)
    Қабанбай Батыр көшесі, 146/1
    ».
    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі

    Д. Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.