Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қыркүйек 2021 ж.

    Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың келесі бірыңғай тарифі белгіленсін:

    ересектерге – 110 (жүз он) теңге көлемінде.

    2. «Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 қаңтардағы № а-1/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген, аудандық «Луч» және «Бурабай» газеттерінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Н. Құдайбергеновке жүктелсін.

    4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Бурабай ауданының әкімі

    Т. Ташмағамбетов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Бурабай аудандық

    мәслихаттың хатшысы

    ______________ Ө. Бейсенов

    2016 жылғы « 21 » 09

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.