«Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 қарашадағы №45 – 2 шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 наурыз 2016 ж.

    «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 қарашадағы №45 – 2 шешімінің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 қарашадағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2841 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 желтоқсандағы аудандық №117 - 118 «Ауыл жаңалығы» газетінде жарияланған) №45-2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

    С. Рәпілбеков

    Аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы

    Е. Есімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.