2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 қазан 2016 ж.

    2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

    “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жалағаш ауданының әкімі

    Т.Дүйсебаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.