Орал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қыркүйек 2016 ж.

    Орал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Орал қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) Орал қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 1088 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-48 тіркелген, 2006 жылғы 3 тамыздағы «Жайық үні» газетінде жарияланған) қаулысы;

    2) Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 1658 «Орал қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 маусымдағы №1088 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-106 тіркелген, 2008 жылы 24 шілдеде «Жайық үні» газетінде жарияланған) қаулысы.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ.Сатыбалдиевқа жүктелсін.

    Қала әкімі

    Н.Төреғалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.