Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 мамыр 2016 ж.

    Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналардың:

    1) «Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды құжаттандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 34, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 16, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 8, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 10, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 29 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2150 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде», 2003 ж., № 14, 834-құжат, жарияланған) бірлескен бұйрығының;

    2) «Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды құжаттандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 34, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 8, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 16, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 10, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 48, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 91, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 наурыздағы № 46, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3554 болып тіркелген) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

    1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;

    2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі - А.М. Тенгебаевқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор С.С. Әбішке, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі - А.А. Шайымоваға жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі

    Т. Донақов

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    Б. Сұлтанов

    Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

    Қ. Қасымов

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы

    В. Жұмақанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бас Прокуроры

    __________ Ж. Асанов

    2016 жылғы « » _________

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жоғарғы Сот Төрағасы

    __________ Қ. Мәми

    2016 жылғы « » _________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.