«Халықты қылмыстылық деңгейі және оның нәтижелерінің тіркелуі бойынша әлеуметтік-статистикалық зерттеу туралы сауалнама» (коды 1962105, индексі ҚД-01, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 254 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықты қылмыстылық деңгейі және оның нәтижелерінің тіркелуі бойынша әлеуметтік -статистикалық зерттеу туралы сауалнама» (коды 1962105, индексі ҚД-01, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 254 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7922 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2013 жылғы 16 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы есепке
алужөніндегі комитеті
жөніндегі комитетінің төрағасы
___________________ С. Айтпаева
2016 жылғы «____» ____________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі министрі
_________________ Қ. Қасымов
2016 жылғы «____» ____________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
Министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл ұлттық
бюроның төрағасы
_________________ Қ. Қожамжаров
2016 жылғы «____» ____________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
комитетінің төрағасы
_________________ Д. Ерғожин
2016 жылғы «____» ____________
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.