Кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 қазан 2016 ж.

    Кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша әкімдік қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    Аудан әкімі

    А. Ибраев

    Әкімдіктің

    2016 жылғы 03 қазандағы

    № 319 қаулысына қосымша

    Әкімдіктің күші жойылған қаулыларының тізбесі

    1. «Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 29 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-88 тіркелген, 2008 жылғы 22 ақпанда «Житикаринские новости» газетінде жарияланған).

    2. «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 43 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-89 тіркелген, 2008 жылғы 15 ақпанда «Житикаринские новости» газетінде жарияланған).

    3. «Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы» 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 29 әкімдік қаулысына өзгерістер енгізу туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 568 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-99 тіркелген, 2008 жылғы 5 және 19 қыркүйекте «Житикаринские новости» газетінде жарияланған).

    4. «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы» 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 43 әкімдік қаулысына өзгеріс енгізу туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 569 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-100 тіркелген, 2008 жылғы 5 және 19 қыркүйекте «Житикаринские новости» газетінде жарияланған).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.