Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қыркүйек 2016 ж.

    Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексіне, « Халықты жұмыспен қамту туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2016 жылға жұмыс орындары санының бес пайызы мөлшерінде:

    1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін;

    2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;

    3) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмысқа орналастыру квоталары белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің міндетін атқарушы

    Ж. Мұратбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.