2016-2020 жылдарға арналған Өскемен қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 тамыз 2017 ж.

    2016-2020 жылдарға арналған Өскемен қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысына, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 85 «Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4492 тіркелген) қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылған Өскемен қаласының коммуналдық меншігіндегі ұйымдардың қоса берілген тізбесі бекітілсін.

    2. «Өскемен қаласының қаржы бөлімі», «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі», «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын заңнамамен белгіленген шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары А. М. Исқақовқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Өскемен қаласының әкімі

    Е. Аймұқашев

    Өскемен қаласы әкімдігінің

    2016 жылғы 05.09

    № 2060 қаулысына

    қосымша

    2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға тапсыруға ұсынылған Өскемен қаласының коммуналдық меншігіндегі ұйымдардың тізбесі

    № р/н
    Кәсіпорын атауы
    1
    2
    1
    Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер жөніндегі басқарма» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
    2
    Өскемен қаласы әкімдігінің «Восток» футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
    3
    Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
    4
    «Өскемен-Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесінің бөлігі жарғылық капиталынан 49 (қырық тоғыз) пайыз мөлшерінде)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.