Ақкөл ауданы әкімдігінің «2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» 2016 жылғы 26 қаңтардағ № А-1/16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қыркүйек 2016 ж.

    Ақкөл ауданы әкімдігінің «2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» 2016 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақкөл ауданы әкімдігінің «2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» 2016 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» аудандық газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    жоғарыда аталған қаулымен бекітілген 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Г.Е. Әбілқайыроваға жүктелсін.

    3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Т. Едігенов

    Ақкөл ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы «22» қыркүйектегі

    № А-9/265 қаулысына қосымша

    Ақкөл ауданы әкімдігінің 

    2016 жылғы «26» қаңтардағы

    № А-1/16 қаулысымен

    бекітілген      

    2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның тү­рі
    Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту ұй­ым­да­рын­да­ғы тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің са­ны
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­да­ғы жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы бір ай­ға қар­жы­лан­ды­ру мөл­ше­рі (тең­ге)
    Бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге ай­ы­на жұм­са­ла­тын шы­ғын­дар­дың ор­та­ша құ­ны (тең­ге)
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­да­ғы бір ай­ға ата-ана­ның тө­лем мөл­ше­рі (тең­ге)
    мем­ле­кет­тік
    же­ке мен­шік
    мем­ле­кет­тік
    же­ке мен­шік
    мем­ле­кет­тік
    же­ке мен­шік
    мем­ле­кет­тік
    же­ке мен­шік
    1
    Балабақша
    730
    20
    23869,7
    23869,7
    23869,7
    23869,7
    8820
    15000
    2
    Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық
    101
    0
    16921,6
    0
    16921,6
    0
    6000
    0
    3
    Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық
    83
    0
    6805
    0
    6805
    0
    0
    0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.