Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    2. Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

    аталған шешіммен бекітілген, Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:

    3 бөлімдегі:

    25 тармақ келесі cөйлеммен толықтырылсын:

    «Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеген және өзгерткен кезде тиындармен есептелген сомалар бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.».

    3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.

    5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    V сайланған Алматы қаласы мәслихатының LI сессиясының төрағасы

    Ә. Нәбиев

    V сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы

    Қ. Қазанбаев

    Келісілді:

    Алматы қаласы әкімінің орынбасары

    А. Қырықбаев

    Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы

    М. Сембеков

    Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

    Е. Әлиқұлов

    Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

    М. Қиқымов

    Алматы қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы

    Ж. Мұхамеджанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.