Әкімдіктің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 547 «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 547 «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген ережедегі:
16-тармақта:
1), 17), 20), 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандар мен қалалардың
жергілікті атқарушы органдарының, облыстық атқарушы органдардың жұмысын талдау, облыс әкіміне және әкімдігінің мүшелеріне олар сұратқан мәселелер бойынша ақпарат дайындау;»;
«17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;»;
«20) Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;»;
«24) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын зерделеу және талдау, перспективалық даму бағыттарын әзірлеу;»;
20-тармақта:
3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені әзірлейді, аппараттың құрылымын, штаттық кестесін бекітеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге материалдық ынталандырулар (сыйақылар) белгілейді;»;
«5) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі
А. Мұхамбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.