«Қазалы ауданының шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы №48 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазалы ауданының шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы №48 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5019 нөмірімен тіркелген, «Тұран Қазалы» газетінде 2015 жылы 4 шілдеде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ
Н.ШАМҰРАТОВ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.