Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 11-3/450 ұсынысы негізінде Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ұсақ мүйізді малдарының арасында сарып ауруының анықталуына байланысты Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округінің Сарыжар ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Сарыжар ауылдық округі әкiмiнің міндетін атқарушы

    Н. Черновская

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.