Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қыркүйек 2016 ж.

    Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    Аудан әкімі

    С.Әлиев

    Тасқала ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 29 қыркүйектегі

    № 253 қаулысына

    қосымша

    Күші жойылды деп танылған Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі

    1. Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 299 «2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4180 тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсанда «Екпін» газетінде жарияланған) қаулысы;

    2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 9 «Тасқала ауданы бойынша 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4252 тіркелген, 2016 жылғы 12 ақпанда «Екпін» газетінде жарияланған) қаулысы;

    3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 26 «Тасқала ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4286 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірде «Екпін» газетінде жарияланған) қаулысы.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.