Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі Еңбек ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 29 қыркүйегіндегі № 11-26/145 ұсынысының негізінде, Талдысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің Еңбек ауылы аумағында ірі мүйізді қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдысай ауылдық округі әкімінің м.а
Р. Амангелдиева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.