18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдем ақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11507 болып тіркелген) сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай - ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда 70 % азайту жолымен түзетілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі
А. Кенжегарин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.