Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №211 «Кейбір мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 тамыз 2016 ж.

    Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №211 «Кейбір мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8 тармағына және «Кұқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №211 «Кейбір мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 24 тамызында №3282 санымен тіркелген) қаулысының күші жойылсын.

    2. «Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Қ.Саргужиевке жүктелсін.

    4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің міндетін атқарушы

    А.Балахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.