«2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 тамыздағы №1765 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қыркүйек 2016 ж.

    «2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 тамыздағы №1765 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65 бабының 3-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 тамыздағы №1765 «2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3841 тіркелген, 2016 жылғы 2 қыркүйекте «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғ.Құрманбайға жүктелсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Баймухановқа жүктелсін.

    Қала әкімі

    Ғ.Әбдірахымов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.