Сайрам аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сайрам аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1. Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурызындағы №29-183/V «Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйегіндегі №22-141/V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 21 сәуірде №2615 тіркелген, 2014 жылдың 6 мамырдағы «Мәртөбе» және «Пульс Сайрама» газеттерінде жарияланған) шешімі;
2. Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы №37-239/V «Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №22-141/V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 5 желтоқсанда №2907 тіркелген, 2014 жылдың 30 желтоқсандағы «Мәртөбе» және «Пульс Сайрама» газеттерінде жарияланған) шешімі.
Сессия төрағасы
М.Сиддиков
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Ж.Сүлейменов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.