«2016 жылға Семей қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 406 қаулының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қыркүйек 2016 ж.

    «2016 жылға Семей қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 406 қаулының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27- бабына, 50-бабының 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2015 жылға Семей қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 сәуірде № 3908 тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырдағы № 39 «Семей таңы», 2015 жылғы 19 мамырдағы № 39 «Вести Семей» газеттерінде жарияланған) 2015 жылғы 27 наурыздағы № 406 қаулының күші жойылды деп танылсын.

    2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А. Құрманғалиев ) қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

    3. Қаулы қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енеді.

    Қала әкімі

    Е. Сәлімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.