"2016 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 158-2402 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қыркүйек 2016 ж.

    "2016 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 158-2402 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37- бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 1 тармағына сәйкес Астана қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 158-2402 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 988 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қаңтардағы № 1 (3353) "Астана ақшамы" және 2016 жылғы 7 қаңтардағы № 1 (3371) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А. И. Лукинге жүктелсін.

    Әкім

    Ә. Исекешев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.