Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі – өзгерістер) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 551 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат):
19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1. Комиссиялардың/жұмыс топтарының дауыс беру парақтары қоса берілген материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды:
1) комиссияны/жұмыс тобын мемлекеттік органның лауазымды адамы басқарған жағдайда – комиссияның/жұмыс тобының жұмыс органы;
2) комиссияны/жұмыс тобын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның орынбасарлары басқарған жағдайда – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.».
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:
мына:
|
«Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы
|
–
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға»
|
|
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
|
||
|
«Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы
|
–
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға».
3. «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы
№ 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат):
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
мына:
|
|
«Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы
|
–
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|
|
Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы
|
–
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
|
|
«Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы
|
–
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|
|
Мамин
Асқар Ұзақбайұлы
|
–
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары».
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.