Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қыркүйек 2016 ж.

    Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінің 2016 жылғы 23 тамыздағы №10-25177 хаты негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Бөрлі ауданы әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №885 «Бөрлі ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысы (Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда №4217 болып тіркелген, актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат – 23.01.2016 жылғы №3 «Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести» газетінде);

    Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №886 «Бөрлі ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдары атаулары мен индекстерін бекіту туралы» қаулысы (Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда № 4215 болып тіркелген, актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат – 23.01.2016 жылғы №3 «Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести» газетінде).

    Аудан әкімі

    А.Халелов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.