Шешімнің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қыркүйек 2016 ж.

    Шешімнің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35- бабына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабын негізге ала отырып ШЕШЕМІН:

    1. Мұқыр ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 01 маусымдағы №27 «Мұқыр ауылдық округіне қарасты «Бекасыл» шаруа қожалығына шектеу іс шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3535 болып тіркелген, 2016 жылы 09 маусымдағы «Қызылқоға» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

    Округ әкімі

    Т.Абдуалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.