Хромтау ауданының әкімінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 2 "Хромтау ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қыркүйек 2016 ж.

    Хромтау ауданының әкімінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 2 «Хромтау ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Хромтау аумағында жағдайдың тұрақтануына байланысты Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» заңдарын басшылыққа алып Хромтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Хромтау ауданы әкімінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 2 «Хромтау ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» (Ақтөбе облысы әділет департаменті нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне 2016 жылғы 17 наурызда № 4795 нөмірімен тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімнің көшірмелері мүдделі органдарға жолдансын.

    Аудан әкімі

    А. Усмангалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.