Бесқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын (қосымша).
2. Осы шешім 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
В. ХАРЧЕНКО
Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы:
Қ.САДЫҚОВ
Бесқарағай аудандық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/8 -V шешіміне қосымша
1) «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-107 тіркелген, 2012 жылғы 14 қаңтардағы «Бесқарағай тынысы» газетінің № 4,5 сандарында жарияланған) шешімі;
2) «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 сәуірдегі №3/1-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-115 тіркелген, 2012 жылғы 25 сәуірде № 34, 2012 жылғы 2 мамырда № 36 сандарында «Бесқарағай тынысы» газетінде жарияланған) шешімі;
3) «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 18 маусымда № 5/1-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-118 тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде «Бесқарағай тынысы» газетінің № 53 санында жарияланған) шешімі;
4) «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 11 шілдеде № 6/5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2588 тіркелген, 2012 жылғы 4 тамызда «Бесқарағай тынысы» газетінің № 62 санында жарияланған) шешімі;
5) «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV шешімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 17 қыркүйекте № 7/1-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2658 тіркелген, 2012 жылғы 3 қазанда «Бесқарағай тынысы» газетінің № 79 санында жарияланған) шешімі;
6) «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 22 қарашадағы № 8/4-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2744 тіркелген, 2012 жылғы 8 желтоқсанда «Бесқарағай тынысы» газетінің № 98 санында жарияланған) шешімі;
7) «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/1-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 9/1-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2769 тіркелген, 2012 жылғы 22 желтоқсан «Бесқарағай тынысы» газетінің № 103 санында жарияланған) шешімі;
8) «Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің жеке түрлерінің бір жолғы жинақтарының мөлшерлері туралы» 2006 жылғы 11 шілдедегі № 21-7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-25 тіркелген, 2006 жылғы 5 тамызда «Бесқарағай тынысы» газетінің № 30 санында жарияланған) шешімі;
9) «Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің салалары бойынша бір жолғы алымдарының болжамдық есептемесін бекіту туралы» 2007 жылғы 20 шілдедегі № 27-9 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-40 тіркелген, 2007 жылғы 8 қыркүйекте «Бесқарағай тынысы» газетінің № 34 санында жарияланған) шешімі;
10) «Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» 2009 жылғы 22 қазандағы № 18/7-ІV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-71 тіркелген, 2009 жылғы 14 қарашада «Бесқарағай тынысы» газетінің № 42 санында жарияланған) шешімі.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.