«Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандадаттар үшін Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 25 қаулысының күші жойылғандығын тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 наурыз 2016 ж.

    «Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандадаттар үшін Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 25 қаулысының күші жойылғандығын тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар үшін Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 25 қаулысының (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 5 ақпандағы № 3604 тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпандағы № 6 «Колос» газетінде, 2016 жылғы 11 ақпандағы № 6 «Аққайың» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Д. Байтөлешов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.