Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 1-26/120 санды ұсынысының негізінде Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округіндегі Көбелей елді-мекенінде орналасқан «Жамбыл» шаруа қожалығында ірі қара малдардың арасында қарасан ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 04 наурызындағы № 12 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 наурызында № 4268 санымен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Жұрын ауылдық округінің әкімі
Т. Абдірзақ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.