Қарқаралы ауданы әкімдігінің қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қыркүйек 2016 ж.

    Қарқаралы ауданы әкімдігінің қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушының 2016 жылғы 09 қыркүйектегі № 02-16/364 ұсынысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 150 «Қасым Аманжолов ауылдық округінің Белдеутас елді мекені «Айтжан» қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3897 болып тіркелді, 2016 жылғы 29 шілдеде аудандық «Қарқаралы» газетінің № 63-64 (11492) санында жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы Н. Ильдебаевқа жүктелсін.

    Қарқаралы ауданының әкімі

    К. Максутов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.