Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы

    Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес VІ сайланған Aлматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Орфандық аурулармен ауыратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша тоцилизумаб, адалимумаб, энбрелл және тобрамицин дәрі-дәрмек құралдары тегін берілсін.

    2. Aлматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Aлматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Aлматы қаласы әкімінің орынбасары A. Қырықбаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.

    4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының VIII сессиясының төрағасы

    М. Әділханов

    VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы

    Қ. Қазанбаев

    Енгізуші:

    Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

    У. Ахметов

    Келісілді:

    Алматы қаласы әкімінің орынбасары

    А. Қырықбаев

    Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы

    М. Сембеков

    Алматы қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы

    Ғ.Қаражанов

    Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысының міндетін атқарушы

    Р.Маймақов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.