Науырзым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қыркүйек 2016 ж.

    Науырзым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Науырзым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Т. Даиров

    Аудан әкімдігінің

    2016 жылғы «29» қыркүйектегі

    № 209 қаулысына қосымша

    Науырзым ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі

    1. «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 8 маусымда № 6438 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 маусымда № 23 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған);

    2. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 101 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 8 маусымда № 6441 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 маусымда № 23 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған);

    3. «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 102 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 7 маусымда № 6434 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 маусымда № 23 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.