««Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 37 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    ««Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 37 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1.««Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 37 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3707 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 «Пульс! Зыряновска» және «Көктас таңы» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

    16-тармағының 12) тармақшасы жойылсын.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Зырян ауданының әкімі

    А. Кәрімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.