Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының 1, 2, 3–қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын және интернет - ресурстарында орналастырылуын білім бөлімінің басшысы Б.Шойбековке жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы

    Д.Тәңірбергенов

    Түркістан қаласы әкімдігінің

    2016 жылғы 25 тамыз

    №1167 қаулысына

    1-қосымша

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Қала атауы
    Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
    Оның ішінде
    республикалық бюджет есебінен
    жергілікті бюджет есебінен
    1
    Түркістан қаласы
    17596
    15956
    1640

    Түркістан қаласы әкімдігінің

    2016 жылғы 25 тамыздағы

    №1167 қаулысына

    2 қосымша

    Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі

    Айына бір балаға тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге
    Балабақша
    Мектеп жанындағы шағын орталық
    Мектепке дейінгі жеке меншік мекемелер
    қалалық жерлерде
    ауылдық жерлерде
    6920
    21042
    39500
    35000

    Түркістан қаласы әкімдігінің

    2016 жылғы 25 тамыз

    №1167 қаулысына

    3-қосымша

    Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Барлығы
    Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)
    Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)
    288,11
    350,65
    Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.