Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1 «Есет Көтібарұлы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 16 «Көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4199 болып тіркелген, аудандық «Шалқар» газетінде 2015 жылдың 26 ақпанында жарияланған);
2) 2015 жылғы 20 мамырдағы № 4 «Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 16 «Көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4332 болып тіркелген, аудандық «Шежірелі өлке» газетінде 2015 жылдың 12 маусымында жарияланған);
2. Шешімнің көшірмесі Ақтөбе облысының әділет департаментіне жолдансын.
Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі
А. Муратов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.