Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001 - 2005 жылдарға арналаған бағдарламасы туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001 - 2005 жылдарға арналаған бағдарламасы туралы

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 5 қаңтардағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттiк баєдарламасы туралы" № 534 Жарлығы, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2001 жылєы 11 сәуiрдегi "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" № 487 қаулысын орындау үшiн, облыстың құқық қорғау, мемлекеттiк органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерiндегi қызметтерiн үйлестiру мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:

    1. Қоса берiлiп отырған облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001 - 2005 жылдарңа арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

    2. Осы шешiмнiң орындалуы мен Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстың үйлестiрiлуiн бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.В. Кошевойға жүктелсiн.

    Облыс әкімі

    Ғ. Жақиянов

    Облыс әкімінің 2001 жылғы

    10 қыркүйектегі № 154

    шешiмiмен бекiтiлген

    Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасы Паспорт

    Атауы Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасы

    Әзiрлеуге негiздеме Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 5 қаңтардағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" № 534 Жарлығы, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2001 жылғы 11 сәуiрдегi "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" № 487 қаулысы

    Негiзгi әзiрлеушiлер Облыс әкiмi аппаратының бөлiмдерi; облыс iшкi iстер басқармасы; облыс прокуратурасы (келiсiм бойынша); облыс бойынша кеден басқармасы (келiсiм бойынша); облыс бойынша қаржы полициясы департаментi (келiсiм бойынша); облыс тәртiптiк кеңесi; облыс бойынша мемлекеттiк қызмет iсi жөнiндегi басқарма (келiсiм бойынша)

    Мақсаты Сыбайлас жемқорлықтың деңгейiн, мемлекет пен жеке адам өмiрiнiң барлық саласындағы оның көрiнiс беруiн төмендету

    Мiндеттерi Облыста сыбайлас жемқорлықтың одан әрi таралуына тиiмдi мемлекеттiк және қоғамдық қарсы әрекеттер жасау жүйесiнiң негiзгi буындарын ашу;

    сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды жою үшiн мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру;

    сыбайлас жемқорлықтың көзi - көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл әрекет жөнiнде батыл шаралар қолдануды қамтамасыз ету;

    қоғамның мемлекет пен оның институттарына сенiмiн нығайту;

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшiн облыстың құқық қорғау органдарын нығайту;

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясатты насихаттау мен iске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң рөлiн арттыру;

    мемлекеттiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына халықтың қалың жiктерiнiң қатысуын қамтамасыз ету

    Қаржыландыру көздерi Облыстық бюджет, тиiстi жылға арнап әрбiр мемлекеттiк органға бөлiнген сома шеңберiндегi республикалық бюджеттiң, қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң қаражаты

    1. Кiрiспе

    Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылєы 5 қаңтардағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" № 534 Жарлығын орындау ұшiн дайындалды.

    Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын жасау барысында Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2001 жылєы 11 сәуiрдегi "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" № 487 қаулысының қағидаларын ескерiлдi.

    2. Құқық тәртiбi мен заңдылықтың жай-күйiн талдау

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы мақсатты мемлекеттiк саясат қоғамның мұндай көрiнiстерге ымырасыздығымен қосылып, бiздiң облыстағы аталған проблемаға қозғау салды.

    2000 жылдың қорытындылары бойынша облыс аумағында сыбайлас жемқорлық сипатындағы 114 қылмыс тiркелдi және есепке алынды (1999 жылы - 180), оның қолға алынғанының 72,2% сотқа жiберiлдi.

    Құқық қорғау мен арнаулы органдардың функцияларын ажырату және нақтылау, олардың құрылымдарын оңтайландыру, олардың қызметiндегi тежеулер мен қарсы әсерлер жүйесiн жетiлдiру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тартылған қызметкерлердiң кәсiби өсуiне, облыс азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға көмектестi.

    Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердiң сақтандыру және алдын алу шараларын күшейтуi сыбайлас жемқорлыққа қарсы одан әрi шабуылға шығуға мүмкiндiк туғызды. Сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейдегi көрiнiстерiн белгiлi бiр дәрежеде төмендетуге қол жеттi.

    Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын, мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын iске асыру мемлекеттiк қызметшiлердiң тәртiбiн нығайтуға мүмкiндiк туғызды. Сыбайлас жемқорлықтың көрiнiс беруiне қоғам төзбеушiлiгiнiң өскенi байқалады.

    Азаматтық қоғам институттары мен жұртшылық сыбайлас жем-қорлыққа қарсы қызметке барған сайын көптеп тартылуда. Елеулi саяси экономикалық және әлеуметтiк зардаптарға әкелiп соғатын ең қауiптi құбылыстың бiрi бола отырып, сыбайлас жемқорлық серпiнi бiздiң облысымызда бәсеңдеуге айналды.

    Сонымен бiрге, бұл бағыттағы оң үрдiстермен қатар, шешiлмеген проблемалардың да бар екенi байқалады. Осыған байланысты мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру мен мемлекеттiк қызметшiлердi iскерлiк пен кәсiптiк қасиеттерiне қарай қабылдап, жоғарылату принциптерiн енгiзу жөнiнде қосымша шаралар кешенi талап етiледi.

    3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

    Бағдарламаныѕ мақсаты:

    сыбайлас жемқорлықтың деңгейiн, мемлекет пен жеке адам өмiрiнiң барлық саласындағы оның көрiнiс беруiн төмендету.

    Бағдарламаның мiндеттерi:

    облыста сыбайлас жемқорлықтың одан әрi таралуына тиiмдi мемлекеттiк және қоғамдық қарсы әрекет ету жүйесiнiң негiзгi буындарын құру;

    сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдайларды жою үшiн мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру;

    қоғамның мемлекет пен оның институттарына сенiмiн нығайту;

    сыбайлас жемқорлықтың көзi - көлеңкелi экономикаңа қарсы iс-қимыл әрекет жөнiнде батыл шаралар қолдану үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету;

    сыбайлас жемқорлықпен күресу үшiн облыстың құқық қорғау органдарын нығайту;

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясатты насихаттау мен iске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң рөлiн арттыру;

    мемлекеттiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына халықтың қалық жiктерiнiң қатысуын қамтамасыз ету.

    4. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi

    Қойылған мақсатқа қол жеткiзу және артықшылықты мiндеттердi шешу үшiн Бағдарламада сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру қарастырылған.

    Мыналар:

    мемлекеттiк органдардың сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн шектеуге бағытталған государственный органiшiлiк ұйымдастыру жоспарлары мен практикалық шараларын әзiрлеу;

    барлық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы билiк органдары мен басқармаларының заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз етудiң сенiмдi жүйесiн жасауға бағытталған күш-жiгерлерiн үйлестiруге негiзделген iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру;

    мемлекеттiк қызметтiң беделiн көтеру;

    мемлекеттiк қызметшiлер тәртiбiнiң этикалық нормаларын орнықтыру саясатын жалғастыру, тапсырылған жұмыс учаскесiндегi жеке жауапкершiлiктi арттыру;

    мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесiнде кадрлар резервiнiң тиiмдi пайдаланылуын және ауысып отыруын қамтамасыз ету, тамыр-таныстық құқық қорғау органдары кадрларын жасақтау рәсiмiнiң ашықтығын қамтамасыз ету;

    мемлекеттiк қызметшiлердiң табыстар туралы декларацияларының дұрыстығын тексеру тетiктерiн жетiлдiру мемлекеттiк қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектесетiн болады.

    Кһлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимылының артықшылықты мiндеттерiн шешу үшiн:

    олардың мемлекеттiк тапсырыстар мен шарттарды орындауға қатысу мүмкiндiктерiн болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсiпкерлiк субъектiлерi туралы деректер банкiн ашу;

    iшкi рынокта отандық тауарлардың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру;

    инвестициялардың, ең алдымен отандық капиталдың облыс экономикасының өндiрiстiк саласына келуiн ынталандыру;

    бюджет саласын, бюджет тәртiбiн нығайту, бюджеттiң ашықтығын қамтамасыз ету;

    барлық деңгейде нақты және iске асырылатын бюджеттерге көшудi қамтамасыз ету;

    заңсыз жинақталған капиталды "тазартуға" жәрдемдесетiн тетiктер мен жағдайларды жою;

    ақшалай қаражатты заңсыз қолма қол ақшаға айналдыру тетiгiн анықтау және құқықтық шектеу қою;

    валюта және экспорт-импорт операцияларына бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру;

    концессиялық келiсiмдердiң, мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқаруға беру туралы, мемлекет қаражатын пайдалану туралы келiсiмдердiң дайындалуы мен орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;

    мемлекеттiк қаражат пен мүлiктердiң тозуы мен есептен шығарылуын бақылауды қамтамасыз ету;

    экономикалық қызметтiң барлық саласында меншiк нысандарының тең экономикалық және құқықтық жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету қажет.

    Мыналар:

    облыстың атқарушы органдарының шешiмдер қабылдау және оларды жұртшылыққа жеткiзу рәсiмдерiн нақты құқықтық регламенттеу;

    мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының осы рәсiмдердiң сақталуына жеке жауапкершiлiгiн белгiлеу;

    мемлекеттiк тапсырыстар бойынша конкурстар өткiзу жүйесiн және мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыруды, жекешелендiру бойынша сауда-саттықты жетiлдiру;

    мемлекеттiк қаражатты, шетелдiк инвестицияларды, сондай-ақ мемлекеттiң кепiлдiгiмен алынєан заемдарды пайдалану тетiктерiнiң ашықтығын қамтамасыз ету;

    мемлекеттiк қызмет көрсету саласында монополияны азайту және бәсекелестiк тудыру;

    табиғи монополия субъектiлерiнiң қаржы қызметiнiң қорытындылары туралы жыл сайынғы есеп берудi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды тәжiрибеге енгiзу мемлекеттiк экономикалық саясат тетiктерiнiң ашықтығын қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi болып табылады.

    Мыналар:

    олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейiн көтеру;

    кадрларды iрiктеу, даярлау және қайта даярлау жүйесiн жетiлдiру;

    даярланған кадрлардың құқық қорғау органдарынан кетуiне қарсы тұратын, кәсiби қабiлеттi ұйытқы топты қалыптастыру мен нығайтуды қамтамасыз ететiн жағдай ретiнде институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

    сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашу және тергеу жөнiнде әдiстемелiк ұсынымдар енгiзу үшiн облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң өзектi мәселелерiне ғылыми-практикалық зерттеулердi үнемi өткiзiп отыру облыстың құқық қорғау органдарын нығайтуға көмегiн тигiзетiн болады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясатты насихаттау үшiн:

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны iске асыру барысы туралы жұртшылықты үнемi хабардар етiп отыру;

    қоғамда сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне төзбеушiлiктi қалыптастыру, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi қолданылып жүрген зағнама қағидаларын түсiндiру;

    мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының отандық бұқаралық ақпарат құралдарымен тыңыз ынтымақтастық жасауы.

    5. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi

    Облыстық бюджеттiң 2001 жылға арналған қаражаты - 524 000 теңге.

    Республикалық бюджеттiң, қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң қаражаты әрбiр мемлекеттiк органға тиiстi жылға арналып бөлiнген сома шеңберiнде.

    6. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

    Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:

    билiкке сенiмдi ныңайтуңа;

    жекелеген топтық мүдделердiң мемлекеттiк саясатқа сәйкес келмейтiн, басқару шешiмдерiн қабылдауға ықпалын төмендетуге;

    көлеңкелi экономиканың әрекет ету аясын тарылтуға, салық түсiмдерiн ұлғайтуға, бюджет саласын нығайтуға;

    кәсiпкерлiк ортада атқарушы билiктiң қабiлетiне сенiмдi нығайтуға, оның "ойынның адал ережелерiн" қалыптастыруы мен сақтау қабiлетiне;

    азаматтардың қорғалу сенiмi сезiмдерiн нығайтуға;

    құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлықтың, ұйымдасқан қылмыстың азаюына қол жететiн болады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.