Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 14 желтоқсан 2001 ж.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері медициналық қызметінің эмблемасы мен айырым белгісі туралы
1-бап. Қазақстан Республикасы ақ түс аясындағы қызыл жарты ай геральдикалық белгісін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері медициналық қызметінің эмблемасы және айырым белгісі ретінде қолданатын болсын.
2-бап. Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының Соғыс құрбандарын қорғау туралы 1949 жылғы Женева конвенцияларына және Соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенцияларының 1977 жылғы I және II Қосымша хаттамаларына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысында аталған ескертпелерді алып тастасын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.