Қарабалық ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған болып тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 наурыз 2016 ж.

    Қарабалық ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған болып тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40- бабы 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулыларының күші қосымшаға сәйкес жойылған болып танылсын.

    2. Осы қаулы алғаш қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Қ. Ғабдулин

    Әкімдіктің

    2016 жылғы «18» наурыздағы

    № 41 қаулысына

    қосымша

    Қарабалық ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

    1. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 42 «Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-12-175 болып тіркелді, 2012 жылғы 26 қаңтарда «Айна» газетінде жарияланды).

    2. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 116 «Әкімдіктің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 42 «Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-12-181 болып тіркелді, 2012 жылғы 21 наурызда «Что, Где, Когда» газетінде жарияланды).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.