Нұсқаның өзектілігі
Құжаттың күші жойылған
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 19 маусымдағы N 556 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Испат-Кармет" акционерлiк қоғамының темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдауына арналған тарифтер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 19 маусымдағы N 566 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
екiншi абзацтағы "кепiлдi тасымал көлемi жылына кемiнде 1,5 млн. тонна болғанда" деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi абзацтағы "кепiлдi тасымал көлемi жылына кемiнде 2 млн. тонна болғанда" деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.