Качир ауданында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 наурыз 2016 ж.

    Качир ауданында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Качир ауданында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Ж. Шұғаев

    Качир ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы «16» наурыздағы

    № 69/2 қаулысына қосымша

    Качир ауданында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің атаулары
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің тәрбиеленуші-лер саны
    Бір тәрбие-ленушіге жұмсала-тын шығыс-тардың орташа құны
    Мектепке дейінгі меке-мелерде айына жан басына қаржыланды-рудың мөлшері, теңге
    Мектепке дейінгі мекеме-лерде ата-ананың айына ақы төлеу мөлшері, теңге
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1
    Качир ауданы әкімдігінің, Качир ауданы білім бөлімінің «Балдаурен» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
    140 оның
    ішінде:
    50
    (республика-лық бюджет)
    90
    (жергілікті бюджет)
    38005
    37838
    30965
    30798
    6 жасқа дейін – 7040
    6 жасқа дейін – 7040
    2
    «Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Тереңкөл ауылындағы
    «Ақ бота» балабақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
    140 оның
    ішінде:
    20
    (республика-лық бюджет)
    120
    (жергілікті бюджет)
    34132
    30762
    28192
    23722
    3 жасқа дейін – 5940
    6 жасқа дейін – 7040
    3
    «Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Тереңкөл ауылы «Талбесік» бөбекжайы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
    100
    (республика-лық бюджет)
    34967
    27927
    6 жасқа дейін – 7040
    4
    «Песчан ауылдық округі әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Песчан ауылындағы «Балдырған» бөбекханасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
    127 оның
    ішінде:
    21
    (республика-лық бюджет)
    106
    (жергілікті бюджет)
    25613
    40173
    18270
    34237
    3 жасқа дейін – 5936
    3-тен 6 жасқа дейін
    – 7343
    3 жасқа дейін – 5936

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.