«Жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 тамыз 2016 ж.

    «Жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және « Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы » Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2717 болып тіркелген, 2015 жылдың 27 тамызында «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

    3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.

    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    К. Көкрекбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы Ауыл

    шаруашылығы министрлігінің

    Орман шаруашылығы және жануарлар

    дүниесі комитетінің төрағасының міндетін атқарушы

    Қ. Үстеміров

    «___» «________________» 2016 жыл

    Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыз № 254 қаулысына қосымша

    Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі

    р/н
    Табиғи-қорық қоры объектілерінің атауы
    Аумағы, гектар
    Орналасқан жері
    Кімнің қарауына жатады
    1.
    «Үмбет» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумал
    298 400
    Т. Рысқұлов, Байзақ және Меркі аудандары
    «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    2.
    «Меркі» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумал
    68 910
    Т. Рысқұлов және Меркі аудандары

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.