Қажымұхан ауыл округі, Темірлан ауылының М.Әуезов, М.Мақатаев, Ж.Сүйіндікұлы көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ордабасы аудандық аумақтық инспекция басшысының 2016 жылғы 16 тамыздағы №01-7/199 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қажымұхан ауыл округі Темірлан ауылының М.Әуезов көшесі №54 тұрғыны үйдің сиыры бруцеллез ауруымен ауруына байланысты М.Әуезов, М.Мақатаев, Ж.Сүйіндікұлы көшелеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын ауыл округі әкімінің орынбасары А.Қарабайға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған бастап қолданысқа енгізіледі.
Қажымұхан ауыл округі әкімі:
С.Утебаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.