Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Регламентінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 3, 213, 216-құжаттар; 2005 ж., № 16, 71-құжат; 2007 ж., № 22, 171-құжат; 2011 ж., № 19, 149-құжат) осы Қаулының қосымшасына сәйкес толықтырулар енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы
Н. НЫҒМАТУЛИН
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
2016 жылғы 7 қыркүйек
№ 95-VI ПМ
Қаулысына қосымша
1) 14-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Саяси партия фракциясының, депутаттық топтың атынан сөз сөйлеу үшін міндетті түрде сөз беріледі.";
2) 161-тармақтың 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл жағдайда міндетті түрде сөз беріледі.".
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.