«Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 30 наурыздағы №13 шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 5-тармағына, Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасының 2016 жылғы 11 мамырдағы №2-26-3/3155 және 2016 жылғы 06 қыркүйектегі №2-26-3/5969 ұсыныс хатына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 30 наурыздағы №13 шешімінің күші жойылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 22 сәуірде №3721 болып тіркелген, 2016 жылы 30 сәуірде №17 «Кентау Шұғыласы» газетінде жарияланған).
Қалалық мәслихатының сессия төрағасы
К. Сырлыбаев
Қалалық мәслихатының хатшысы
Т. Балабиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.