Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» №533 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2016 жылғы 06 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 533 «Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4242 тіркелген) Ақжайық ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Т.Қайрекеевке) жүктелсін.
Аудан әкімі
Ә.Жоламанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.