Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қорғалжын ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қорғалжын ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

    Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 444-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Қорғалжын ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.

    2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қорғалжын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

    ___________ Ж. Темірбек

    Қорғалжын аудандық мәслихат хатшысы

    ___________Ө. Балғабаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қорғалжын ауданының әкімі

    ______________ Қ. Рыскелдінов

    11.08.2016

    «Қазақстан Республикасы Қаржы

    министрлігінің Мемлекеттік кірістер

    комитеті Ақмола облысы бойынша

    Мемлекеттік кірістер департаментінің

    Қорғалжын ауданы бойынша Мемлекеттік

    кірістер басқармасы» республикалық

    мемлекеттік мекеме басшысы М. Алибекова

    11.08.2016

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.