Балтабай ауылдық округінің Еңбек ауылындағы көшені қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Балтабай ауылдық округінің Еңбек ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2016 жылғы 7 маусымдағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Балтабай ауылдық округінің Еңбек ауылындағы «Восточная» көшесі «Сейдуақас Қайрамбайұлы» көшесі деп қайта аталсын.
2. Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Камалова Рахатбуви Рахимжановнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балтабай селолық округі әкімінің міндетін атқарушы
С. Алипова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.