Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 қазандағы «Қарасай ауданының Әйтей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 10-894 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 қазандағы «Қарасай ауданының Әйтей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 10-894 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 06 қарашасында № 3531 тіркелген, 2015 жылдың 20 қарашадағы № 48 «Заман Жаршысы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Мадияр Орынтаевич Амиргалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі
М. Бигелдиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.