Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аршалы аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 тіркелген, 2013 жылдың 27 қыркүйекте аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2013 жылдың 27 қыркүйекте аудандық «Вперед» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың 9 тармақшасы көрсетілген шешіммен бекітілген, Аршалы ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың и қағидаларындағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«9) Өкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Аршалы аудандық бөлімшесі;».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет депарментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы
А. Козлова
Аршалы аудандық мәслихатының хатшысы
Қ. Шедербеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімі
2016 жылғы 26 тамыз А. Тайжанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.